2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері артты. Базалық зейнетақы 6,5%-ға, ал ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға ұлғайды — бұл инфляция деңгейінен жоғары.
Сондай-ақ, базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. Ең төменгі мөлшері — ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы (32 360 теңге), ал ең жоғарғы мөлшері — 110%-ы (50 851 теңге) болды.
2025 жылғы 1 маусымдағы орташа зейнетақы мөлшері — 143 502 теңге. Оның ішінде 95 814 теңге — ынтымақты, 47 688 теңге — базалық бөлігі.
2018 жылдан бастап базалық зейнетақы әр азаматтың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі. Қатысу өтіліне мыналар кіреді:
-
1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі
-
міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер
Егер өтіл 10 жыл немесе одан аз болса — 70% мөлшерінде төленеді. Әрбір артық жыл үшін 2% қосылады. 30 жылдан асқан жағдайда — 110% ең жоғары мөлшер белгіленеді.
Маңызды: бір айда бірнеше жарна төленсе де, бір ай ғана есепке алынады. Сол себепті жарналарды тұрақты төлеу — болашақ зейнетақыға тікелей әсер етеді.
Зейнет жасындағы зейнетақы мөлшері сондай-ақ 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен зейнетке шығар алдындағы орташа айлық табысқа байланысты.