logo

Қоғамдық маңызы бар ұйымдардың қаржылық есептілігі 31 тамызға дейін тапсырылады

08 шілде, 2025

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық маңызы бар ұйымдар (ҚМҰ) қаржылық есептілікті белгіленген тәртіппен және мерзімде тапсыруға міндетті. Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті қаржылық есептілік пен аудиттің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрықпен бекітілген Ережеге сәйкес, қоғамдық маңызы бар ұйымдар қаржылық есептілікті Қаржылық есептілік депозитарийіне есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей тапсыруы қажет.

Міндетті аудитке жататын ұйымдар PDF форматындағы аудиторлық қорытындыны да электронды түрде қоса тапсыруы тиіс. Уақытында есептілікті тапсырмау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 239 және 250-баптарына сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Бұзушылықтардың алдын алу үшін келесілер ұсынылады:

  • есептілікті тапсырудың ішкі мерзімін 31 тамызға дейін белгілеу;

  • қаржылық есептіліктің аудитін уақтылы өткізу және оны басқару органымен бекіту;

  • бухгалтерлік есеп пен аудитке жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Қаржылық есептілікті уақтылы тапсыру ұйымның ашықтығын қамтамасыз етіп, инвесторлар мен қоғам тарапынан сенімділікті арттырады.