logo

2025 жылғы тамыздан бастап АҚШ Қазақстан тауарларына жаңа баж салығын енгізеді

09 шілде, 2025

2025 жылдың 1 тамызынан бастап АҚШ бірқатар елдерден, соның ішінде Қазақстаннан әкелінетін кейбір тауарларға 25% көлемінде бірыңғай кедендік баж салығын енгізеді. Бұл туралы АҚШ Президентінің ресми хабарламасы 7 шілдеде жарияланды.

Сонымен қатар, Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын тауарлардың шамамен 95%-ы жаңа тарифтерден босатылады. Негізгі шикізаттық және стратегиялық тауарлар — мұнай, уран, күміс, ферроқорытпалар, тантал мен титан бұрынғы режимде экспорттала береді.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі АҚШ әкімшілігіне өз ұсыныстарын жолдап, тариф саясатын жұмсартуға қатысты бастамалар көтерді. Қазіргі уақытта АҚШ тарапы ұсыныстарды қарап жатыр, келіссөздердің уақыты қосымша хабарланады.

2024 жылғы деректер:

  • Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы – $4,2 млрд

  • Экспорт көлемі – $1,96 млрд

  • Негізгі өнімдер: мұнай, уран, күміс, ферроқорытпалар, тантал

2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығы:

  • Жалпы айналым – $1,26 млрд

  • Экспорт – $418,2 млн