logo

Қазақстанда 2026 жылдан бастап қымбат мүлікке салық пен акциздер өзгереді

04 тамыз, 2025

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Жаңа құжатта «люкс салығы» бөлек енгізілмегенімен, қымбат мүлік иелеріне арналған салықтық өзгерістер қарастырылған.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, келесі мүлік түрлеріне арнайы мөлшерлеме бойынша салық немесе акциз салынады:

  • Автокөліктер – құны 18 000 АЕК және одан жоғары болса, акциз 10%;

  • Яхталар мен ұшақтар – құны 24 000 АЕК-тен асса, акциз 10%;

  • Алкоголь өнімдері – литрі 500 000 теңгеден жоғары болса, акциз 10%;

  • Сигаралар – құны 10 000 теңгеден жоғары болса, акциз 10%;

  • Жылжымайтын мүлік – бір адамға тіркелген үйлер мен пәтерлердің жиынтық құны 450 млн теңгеден асса, мүлік салығы 2%.

Жылжымайтын мүліктің құнын анықтау

Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу үшін оның құнын «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ анықтайды. Бұл бағалау көбіне нарықтық бағадан төмен болады. Сонымен қатар люкс коэффициенті қолданылады (1.0), ал мәслихаттар оны 1.5-ке дейін ұлғайта алады.

Мүлік салығын есептеу тәртібі

Егер меншік иесінің барлық мүлкінің жиынтық құны 450 млн теңгеден асса, 2% мөлшерлеме бүкіл сомаға қолданылады. Минималды салық мөлшері – 2 946 600 теңге, әрі қарай 450 млн теңгеден асатын бөлігіне 2%.

450 млн теңгеден төмен мүлікке салық әр объект бойынша бөлек есептеледі.

Мемлекеттік органдар азаматтарға салық ережелеріндегі өзгерістермен алдын ала танысуды ұсынады.