Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу кезінде сатушы бақылау-кассалық машинаны (БКМ) пайдаланып, қағаз немесе электрондық форматта фискалдық чек беруі міндетті екенін еске салады.
Фискалдық чек – сатып алу фактісін растайтын заңды құжат. Чектің көмегімен заңда белгіленген мерзім ішінде тауарды қайтаруға немесе айырбастауға болады, осылайша тұтынушы өз құқығын қорғай алады.
Егер сатушы фискалдық чек бермесе, азаматтар «e-Otinish» ресми сервисі арқылы сатушы орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына шағым жолдай алады. Өтінішке бейнежазба, нақты мекенжай, уақыт, кәсіпкерлік субъектісінің атауы, сатып алынған тауар, жұмыс немесе қызмет туралы мәлімет және мүмкін болған жағдайда қосымша ақпарат қоса беріледі.
Фискалдық чек берілмеген жағдайда алғаш рет ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл салынады:
-
нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және шағын бизнес субъектілеріне – 20 АЕК;
-
орта бизнеске – 30 АЕК;
-
ірі бизнеске – 40 АЕК.
БКМ болмауы да құқықбұзушылық болып саналады. Алғаш рет ескерту жасалады, ал бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері:
-
шағын бизнес, нотариустар және жеке сот орындаушылары үшін – 15 АЕК;
-
орта бизнеске – 30 АЕК;
-
ірі бизнеске – 50 АЕК.
Салықтық мәдениетті арттыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың соңына дейін «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» және «Бәйге» республикалық акцияларын өткізеді. Қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасында фискалдық чектерді сканерлеп, тіркеу жеткілікті. Әрбір чек құнды сыйлықтар мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай жүлдені ұтып алу мүмкіндігін арттырады.