Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-кассалық машина (БКМ) чегі ресми құжат болып саналатынын және оның құрамында міндетті деректер болуы тиіс екенін еске салады.
БКМ чегінде мыналар көрсетіледі:
-
салық төлеушінің атауы мен сәйкестендіру нөмірі;
-
БКМ-нің зауыттық және тіркеу нөмірі;
-
чектің реттік нөмірі;
-
тауарды сатып алу, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету күні мен уақыты;
-
тауар немесе қызметтің бірлік бағасы;
-
фискалдық белгі;
-
фискалдық деректер операторының атауы және чектің шынайылығын тексеру үшін интернет-ресурсының мекенжайы;
-
тауардың, жұмыстың немесе қызметтің атауы;
-
саны және өлшем бірлігі;
-
жалпы сату сомасы;
-
ҚҚС сомасы және мөлшерлемесі (егер сатушы ҚҚС төлеуші болса);
-
БКМ қолданылатын мекенжай;
-
чектің кодталған ақпаратын қамтитын штрихкод.
Деректерді беру функциясы жоқ БКМ-дер үшін фискалдық оператор және штрихкод туралы талаптар қолданылмайды.
Банктерде, айырбастау пункттерінде, ломбардтарда, металл сынықтары мен әйнек ыдысты қабылдау орындарында қосымша талаптар бар. Мысалы, айырбастау пункттерінің чегінде сату және сатып алу сомалары қосымша көрсетіледі.