Банк шотының бұғатталуы — кез келген клиентке кездесуі мүмкін жағдай. Себептері әртүрлі болуы мүмкін: техникалық ақаулардан бастап заң бұзушылық күдігіне дейін. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржыға қолжетімділікті тез қалпына келтіру үшін жедел әрекет ету керектігін ескертеді.
Бұғатталудың мүмкін себептері:
-
күмәнді немесе әдеттен тыс операциялар (ірі немесе жиі аударымдар, әсіресе шетелден)
-
мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша бұғаттау (салық қызметі, сот орындаушылары, қаржы мониторингі органдары)
-
банктегі техникалық ақау немесе жүйелік қате
-
ПИН-кодты қате енгізу
-
картаның мерзімінің өтуі
-
салық, алимент, несие және басқа да берешектердің болуы
-
шотты алаяқтық мақсатта пайдалану туралы шағымдар
Шот бұғатталса не істеу керек:
-
банк қосымшасындағы хабарламаларды тексеріңіз — онда себеп көрсетілуі мүмкін
-
колл-орталыққа хабарласыңыз немесе банк бөлімшесіне барыңыз
-
бұғаттауды алу үшін қандай қадамдар қажет екенін нақтылаңыз
-
eGov.kz немесе салық төлеушінің кабинетінде берешектерді тексеріңіз
-
қажет болса, қаражаттың шығу тегін растайтын құжаттарды ұсыныңыз
-
банк шара қолданбаса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым беріңіз
Тәуекелді азайту жолдары:
-
жеке шотты кәсіпкерлікке пайдаланбаңыз
-
ірі және әдеттен тыс аударымдар алдында банкке алдын ала хабарлаңыз
-
жеке деректер мен құжаттардың мерзімін қадағалаңыз
-
берешектерді тұрақты тексеріп, уақытында жабыңыз