Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 134-бабында көзделген импорт кезінде қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуді кейінге қалдыру тетіктерін жетілдіру туралы хабарлады.
Жаңа тәсілдер импортталатын тауарларды (шикізат пен материалдарды) өз өнімін өндіруде пайдаланатын адал өндірушілер үшін рәсімдердің ашықтығын, болжамдылығын және қолайлылығын арттыруға бағытталған.
Негізгі өзгерістер
-
ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру қолданылатын тауарларға қойылатын талаптар нақты айқындалды. Кейінге қалдыру тек өндірістік процесте тікелей пайдаланылатын импорттық шикізат пен материалдарға қолданылады.
-
Тауарларды мақсатты пайдалану міндеттілігі бекітілді. Мақсатты пайдалану талаптары сақталмаған немесе кейінге қалдырылған ҚҚС сомасы төленбеген жағдайда, кейінге қалдыру жойылады.
-
Механизмді қайта қолдануға шектеулер енгізілді. Шарттар бұзылған жағдайда салық төлеуші 24 ай мерзімге ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру құқығынан айырылады.
-
Қамтамасыз ету ұсыну талап етіледі, егер бұрын берілген кейінге қалдырулардың жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асса.
+7 (707) 350 02 20