Қазақстанда қосылған құн салығынан босатылатын қызметтердің тізбесі бекітілді. Құжат ҚР Салық кодексінің 525-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Тізбеге ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстанға әкелінген активтерді жөндеу, қалпына келтіру және олардың құрамдас бөліктерін ауыстыру бойынша қызметтер енгізілген.
ҚҚС-тан босатылатын қызметтер келесі объектілерге қатысты:
-
әуе көлігі құралдарына;
-
теміржол көлігіне;
-
ішкі су көлігіне;
-
теңіз көлігіне;
-
өздігінен қозғалатын суасты снарядтарына (торпедаларға) және кеме гидравликасы жабдықтарына.
Тізбе ҚР Қаржы министрінің 2026 жылғы 27 қаңтардағы №47 бұйрығымен бекітілді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
+7 (707) 350 02 20