logo

2026 жылы бала тууға және бала күтіміне байланысты төлемдер

13 ақпан, 2026

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бала тууға және бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10%-ға индекстелді. Төлем мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты айқындалады.

Бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтарға, қандастарға, сондай-ақ шетелдіктерге бала туған, асырап алған немесе қамқоршылыққа алған жағдайда тағайындалады.

2026 жылғы мөлшері:

  • бірінші, екінші және үшінші балаға — 38 АЕК (164 350 теңге);

  • төртінші және одан кейінгі балаға — 63 АЕК (272 475 теңге).

1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы (жұмыс істемейтіндерге)

Баланы күтуді жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын тұлғаларға тағайындалады.

2026 жылғы мөлшері:

  • бірінші балаға — 5,76 АЕК (24 912 теңге);

  • екінші балаға — 6,81 АЕК (29 454 теңге);

  • үшінші балаға — 7,85 АЕК (33 952 теңге);

  • төртінші және одан кейінгі балаға — 8,90 АЕК (38 493 теңге).

Жұмыс істейтін азаматтарға арналған әлеуметтік төлемдер (МӘСҚ арқылы)

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға:

  1. Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем
    Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 12 айдағы орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты есептеледі.

  2. 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем
    Бала туған күннен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Егіз немесе одан көп бала туған жағдайда әр балаға жеке тағайындалады.