2026 жылғы 9 ақпанда жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсенің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық етті. Отырыста мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтып отырған ұйымдардың өтініштері қаралды.
КТС бойынша өзгерістер
2026 жылдан бастап корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша жеңілдікті қолдану үшін:
мүгедектігі бар қызметкерлердің еңбекақы қорының бірыңғай үлесі – 51% болып белгіленді.
Бұрынғы 35% мөлшеріндегі арнайы ұйымдарға арналған норма алынып тасталды.
Бұл өзгеріс салық төлеушілерге тең жағдай жасап, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейтеді.
ЖТС бойынша әлеуметтік шегерімдер
Жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша әлеуметтік шегерімдер сақталды және топтарға байланысты сараланды:
-
3 топ — 882 АЕК
-
1 және 2 топ — 5 000 АЕК
Норманың негізгі мақсаты — жұмыс берушілерді жаңа жұмыс орындарын құруға ынталандыру.
Қолдану тәртібі
Егер күнтізбелік жыл ішінде мүгедектік тобы өзгерсе, ЖТС қайта есептеу тәртібі туралы сұрақтар туындайды.
Салық кодексінің 404-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуметтік шегерімдер оларды қолдануға негіз туындаған немесе бұрын болған күнтізбелік жылы қолданылады.
+7 (707) 350 02 20