Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан аумағында жеке тұлғаларға тауарларды электрондық сауда арқылы сату және электрондық қызметтер көрсету қызметін жүзеге асыратын шетелдік интернет-компанияларға қатысты Салық кодексі нормаларының қолданылуын түсіндірді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес екінші деңгейдегі банктер мен төлем ұйымдары шартты тіркеуден өткен шетелдік компаниялар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады. Бұл ақпарат қосылған құн салығын (ҚҚС) қоса алғанда, салық міндеттемелерінің толық әрі уақытылы орындалуын талдау үшін пайдаланылады.
Екінші деңгейдегі банктердің, төлем ұйымдарының мәліметтері мен шетелдік компаниялар төлеген ҚҚС сомалары салыстырылып, нәтижесінде камералдық бақылау жүргізіледі. Салықтың төленбеуі немесе толық төленбеуі анықталған жағдайда сәйкессіздіктер туралы хабарламалар қалыптастырылады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 89-бабына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша жіберілген хабарламаларды, сондай-ақ ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуге қою туралы хабарламаларды орындамаған жағдайда шетелдік маркетплейстердің интернет-ресурстарын бұғаттау туралы шешім қабылдау көзделген.
+7 (707) 350 02 20