Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі мен оның мөлшеріне әсер ететін факторларды түсіндірді.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы әрбір алушыға зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай жеке тағайындалады.
Өтілге мыналар кіреді:
-
1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ынтымақты жүйедегі еңбек өтілі;
-
міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер.
Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса немесе мүлде болмаса, базалық зейнетақы мөлшері күнкөріс минимумының 70%-ын құрайды.
10 жылдан асқан әрбір жыл үшін төлем мөлшері 2%-ға ұлғаяды.
Мысалы:
-
20 жыл өтіл кезінде — күнкөріс минимумының 90%-ы;
-
34 жыл және одан көп болғанда — ең жоғары мөлшер, яғни 118%.
Бір ай ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры шотына МЗЖ бірнеше рет аударылған жағдайда, қатысу кезеңі бір ай болып есептеледі.
Яғни, міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты әрі толық көлемде төлеу базалық зейнетақы мөлшерінің артуына тікелей әсер етеді.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері:
-
1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне (кемінде 6 ай);
-
зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысқа байланысты.
Анықтама үшін:
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңгені құрады, оның ішінде:
-
ынтымақты зейнетақы — 103 931 теңге;
-
базалық зейнетақы — 53 912 теңге.
+7 (707) 350 02 20