Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілерге еңбек шарттары туралы мәліметтерді Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕСУТД) уақтылы енгізу қажеттігін ескертті.
2026 жылғы 12 наурыздан бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер еңбек қатынастары саласында цифрлық есепті күшейтуге және кадрлық есептің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 98-бабына сәйкес еңбек шартын жасау, тоқтату немесе оған өзгерістер енгізу туралы мәліметтерді уақтылы енгізбеу әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Айыппұлдан қалай сақтануға болады
Министрлік жұмыс берушілерге HR Enbek еңбек ресурстары порталын пайдалануды ұсынады.
Порталдың проактивті функциялары жүйедегі қателерді автоматты түрде анықтап, жұмыс берушінің жеке кабинетіне қызметкерлер бойынша сәйкессіздіктер туралы хабарлама жібереді.
Сонымен қатар порталдағы «Қызметкерлер» бөлімінде «Қызметкерлер бойынша сәйкессіздіктер» атты интерактивті мониторинг панелі іске қосылған.
Бұл панель жұмыс берушілерге:
-
еңбек шарттары бойынша деректердің дұрыстығын тексеруге;
-
міндетті зейнетақы жарналарының толық аударылғанын бақылауға;
-
кадрлық есептегі қателерді уақытылы анықтауға мүмкіндік береді.
Министрлік кәсіпорын басшылары мен кадр қызметкерлеріне жаңа талаптар күшіне енгенге дейін цифрлық кадрлық есептің дұрыстығын тексеріп, заң талаптарына сәйкестендіруді ұсынады.
+7 (707) 350 02 20