2026 жылғы 1 мамырдан бастап «Салық есептілігін өңдеу сервистері» (СОНО) ақпараттық жүйесі толықтай өшіріледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Осыған байланысты СОНО жүйесінің салық есептілігін қабылдау бойынша API-сервисі де жұмысын тоқтатады.
Қазіргі уақытта аталған API-сервиске қосылған барлық ақпараттық жүйелер 2026 жылғы 1 мамырға дейін ИСНА жүйесі жағындағы салық есептілігін қабылдау сервисіне қосылуы қажет.
Сондай-ақ Smart Bridge платформасында FNO_INTEGRATION және FNO_INTEGRATION_STATUS сервистік кілттерін пайдалану қажет.
+7 (707) 350 02 20