logo

Жеке практикамен айналысатын тұлғалар 2025 жылға арналған 270.00 нысанын ИСНА арқылы тапсырады

17 сәуір, 2026

Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың назарына!

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, соның ішінде жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (ЖПАТ) жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу мерзімдерінің өзгеруіне байланысты, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы ЖТС біржолғы тәртіппен 2025 жылғы 5 қазаннан кешіктірілмей төленуі тиіс еді. Алайда бұл күн демалыс күніне сәйкес келгендіктен, төлем мерзімі 2025 жылғы 6 қазанға ауыстырылды.

Сонымен қатар, ИС СОНО жүйесі кезең-кезеңімен пайдаланудан шығарылып жатқанын назарға саламыз. Осыған байланысты 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны Интеграцияланған салықтық әкімшілендіру жүйесі (ИСНА) арқылы тапсыру қажет.

Комитет жаңартулар аяқталғанға дейін ЖПАТ-тарға 270.00 нысаны бойынша декларацияны 2026 жылғы 15 сәуірден кейін ИСНА арқылы ұсынуды ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылға арналған 270.00 нысаны бойынша декларацияны тапсырудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірілмейді.