Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде («ЭСФ» АЖ) қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке жатқызу туралы мәліметтерді көрсету функционалы іске асырылғанын еске салды.
Жаңа механизм ҚР Салық кодексінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жекелеген нормаларын іске асыру аясында енгізілді. Жыл басынан бері функционал толық көлемде жұмыс істеп, алынған электрондық шот-фактуралар бойынша ҚҚС-ты есепке жатқызу тәртібін реттейді.
МКК жүйенің келесі техникалық ерекшеліктеріне назар аударды:
- есепке жатқызылатын айналым сомасы ЭШФ-да көрсетілген айналым сомасынан аспауы тиіс;
- бір ЭШФ бойынша жалпы айналым сомасын қайтадан есепке жатқызуға жол берілмейді;
- «0»-ге тең ҚҚС сомасы есепке қабылданбайды;
- «расталған» мәртебесіндегі хабарламаны түзету «Сторно» немесе ішінара түзету тетіктері арқылы жаңа хабарлама жасау жолымен жүргізіледі.
Техникалық сұрақтар туындаған жағдайда пайдаланушылар esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына немесе +7 (7172) 72-51-61 телефоны арқылы қолдау қызметіне жүгіне алады.
+7 (707) 350 02 20