Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жылжымайтын мүлікті жалға беру кезінде қолданылатын салық режимдеріне қатысты түсіндірме берді.
Түсіндірмеге сәйкес, оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер өздеріне тиесілі коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды заңды тұлғаларға, соның ішінде ЖШС-ке жалға бере алады.
Сонымен қатар, МКК өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға қатысты шектеулерді де еске салды.
ҚР Салық кодексінің 718-бабына сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда қолдана алады. Рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді.
Бұл тізімге тек тұрғын үйді жалға беру және оны басқару қызметі енгізілген. Ал коммерциялық (тұрғын емес) нысандарды жалға беру өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға рұқсат етілген қызмет түрлеріне кірмейді.
Осылайша, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолдануға жол берілмейді.
+7 (707) 350 02 20