ҚҚС бойынша хабарламалар: салық төлеушілер нені білуі керек
2026 жылдың наурыз–сәуір айларында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге қосылған құн салығы бойынша декларациялар (300.00 нысаны) бойынша «Өткізу сомасын төмендету және тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу сомасын ҚҚС бойынша жоғарылату туралы» камералдық бақылау хабарламаларын жолдады.